Сүйемелдеу қызметі отбасын сақтауға көмектеседі

Қысқаша

Әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісінше жеке кәсіпкерлер тарапынан түрлі көмектер ұйымдастыралады.

Бәйдібек ауданында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан ашылған Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы екі жылдан бері өзінің жеке арыз-шағымы бойынша келген азаматтарға тиісінше құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмектер көрсетіп келеді. Бұл сектор 2017 жылдың тамыз айында отбасының тыныштығын сақтау, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларға және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, отбасының құндылығын кеңінен насихаттау мақсатында құрылған. Сонымен қатар, мұнда жыл басынан бері жеке азаматтардың бүгінге дейін шешімін таппай келе жатқан құжаттандыру мәселесіне арнайы заңгер маман да көмектеседі.
Мұнда жас отбасылармен, жастар тарапынан «шартты түрде сотты болған» жастардың өмірге, қоғамға деген көзқарасын өзгерту, қоғамда белгілі бір тұлға болу қалыптасуға психологиялық тұрғыда көмектер көрсетіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиісінше жеке кәсіпкерлер тарапынан түрлі көмектер ұйымдастыралады. Әлеуметтік жағдайдың себебін анықтау және әлеуметтік тұрғыда көмек беру заң талаптарына сәйкес жолға қойылған.