Жолдау аудан активінде түсіндірілді

Қысқаша

Шаян ауылында Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына байланысты аудан активі

аудан актив 13.09.jpg

Жолдаудан туындаған міндеттерді талдап, талқылауға арналған жиынға облыс әкімінің орынбасары, облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі Жолдымұрат Аманбаев бастаған бірқатар басқармалардың басшылары қатысты.


Жолдауға байланысты Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарих кафедрасының профессоры Хазіретәлі Тұрсын баяндама, ал, осы университеттің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бекжігіт Сердәлі сол баяндамаға қосымша хабарлама жасады. Баяндамашылар жүргізіліп жатқан түрлі реформалар, сөз, дін, ұждан бостандығы, тіл, оның ішінде үш тұғырлы тіл мәселесін қозғады.

Аудан активін аудан әкімінің орынбасары Нұрғали Айтбеков жүргізіп отырды. Активке облыстық мәслихат депутаты, облыстың «Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбек, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерғали Білісбеков, облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру бөлімінің басшысы Салтанат Жамалова қатысып отырды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы қорытты.