Божко: «Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын»

Қысқаша

Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко "билік көмектесіп жатқандар мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді.

Картинки по запросу Божко

Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко "билік көмектесіп жатқандар мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі "Азаттық радиосы" сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс отырысынан шыққан Божко "Ешкімді ренжіткім келген жоқ. бірақ масылдыққа қарсымын. Осыны айтқым келген" деді.

Депутат Азаттық тілшісінің "желіде Божко мырза айтқан сөзі үшін халықтан кешірім сұрауы керек деген пікір айтылып жатыр. Бұған не дейсіз?" деген сауалына ол "тағы қайталап айтамын, масылдыққа қарсымын. Сондықтан солай айттым" деді.

Пікірі желіде сынға ұшырап, жұрт "депутаттан кешірім сұрауды талап еткен". Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Ақорда маңына барып, Божконың шығуын талап қылған.