Әкімнің әкесінің атын көпірге беруді ұсынды

Қысқаша

​Шымкенттің әкімі Ерлан Айтаханов қаланың шалғай ауылдарын аралауды әлі жалғастырып жатыр. Осы аптада әкім Қарабастау ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.

08e0799244962fa559842e573eae6926.jpg

Әлеуметтік желіде жазылған мәліметтерге қарағанда, кездесу барысында бір қария осы ауылдағы ескі көпірді салуға әкімнің әкесі Қуаныш Айтахановтың көп еңбек сіңіргенін алға тартып, «осы көпірге Айтаханов есімін берсек қалай болады”, - деген ұсыныс білдіріпті. Ерлан Қуанышұлы олай болмайтынын, апаттық жағдайдағы көпірдің бұзылатынын мәлім етіпті.

 

Бүгінде құрметті демалыста жүрген Қуаныш Айтаханов еңбек жолында облыстың бірнеше ауданын басқарған. Жоғарыда аталған Қарабастау ауылының бір кездері Сайрам ауданына қарағаны, ал Сайрамға 2000 жылдардан кейін  Қуаныш Айтахановтың әкім болғаны белгілі. Көпір салуға Қуаныш Айтаханов осы кезде көп жәрдем берсе керек. Алайда о заманда бұ заман көпірге кісінің есімін беруді кім естіген?! Адамның атын қалаға, облысқа, елді мекенге, көшеге, каналға бергенді білеміз. Ал халыққа көп еңбегі сіңген адамның есімін бұзылғалы тұрған көпірге беру кімге абырой береді? Әкімнің алдында арзан абырой жинамақ болған ақсақалдарға ма?

 

Қалай десек те, Ерлан Айтахановтың мұнысы азаматтық болды.

 

Рейтинг газеті