Бір жылда 23 мектеп

Қысқаша

​Түркістан облысында үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Бир жылда.JPG

Өңірде 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам балаға арналған 184 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.

 

Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі.

 

Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і  2017-2018 жылдардан өтпелі.

Рейтинг газеті