Сауатты операция

Қысқаша

Ішкі істер министрлігі 6 шілдеде митингіге шыққандарға қатысты мәлімет таратты.

сауатты.jpg

«Әкімдіктің, прокуратураның бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, бірқатар азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның араңдатушылықтарына ерді. Олардың бірқатары құқық қорғаушы қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттерге барды. Басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың жолын кесу бойынша заңда қаралған шаралар қабылдады. Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімдеріне жеткізілді. Кейбіреуінен түтіндегіш құты және травматикалық қару алынды.Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша сауатты жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ»,-делінген министрліктің таратқан мәліметінде.

Мұндай сауатты шара тәртіп сақшылары үшін үлкен тәжірибе болғанын да айта кеткен дұрыс шығар.

Рейтинг газеті