Үшінші кездесу

Қысқаша

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Солтүстік және Оңтүстік Корея елдерінің шекарасында кездесті.

ушинши.jpg

 Трамп Солтүстік Кореяның шекарасына өткен алғашқы АҚШ президенті болып отыр. Екі ел басшысы шекараның бейтарап бөлігінде кездесті.  Трамп Киммен бірге Солтүстік Кореяның шекаралық аумағына қадам басты және АҚШ президенті мұны өзі үшін үлкен мәртебе екендігін мәлім етті.

 

Кездесуде Трамп Кимді Вашингтонға қонаққа шақырды. Ал Ким Чен Ын Трампті Пхеньянға келіп кетуін сұранған. Кейіннен кездесу Оңтүстік Кореяның аумағында жалғасты. Екі ел басшының әңгімесіне Оңтүстік Кореяның  президенті Мун Чжэ Ин де араласқан. Бір сағаттық жүздесуде екі жақ ядролық проблемаға қатысты келісімдерді одан әрі жалғастыруға уағдалақан.

 

 Бұл Трамп пен Кимнің үшінші мәрте кездесуі.

 

Рейтинг газеті