Қазақстанда ер балалар көп туылады

Қысқаша

Өткен жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарымен 397799 жаңа туған бала тіркелген. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

istock-157680794.jpg

 Рейтинг бойынша Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72 туған), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкент қаласында (27,53) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30)  және Павлодар (15,72)  облыстарында.

 Нәрестелердің 51,6 пайызы ер балаларды, 48,4 пайызы қыздарды құрады.  Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрады. 2008 жылмен салыстырғанда сәбилердің саны 11,6 пайызға (оның ішінде ер балалар – 12 пайыз, қыз балалар – 11,1 пайыз) арт¶ан.

 

Бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэфициенті 2018 жылы 2,84 құрады және 10 жыл ішінде 6,0 пайызға өсті. Елдің өңірлері бойынша ең жоғары туудың жиынтық коэфициенті Түркістан (4,07), Маңғыстау (3,91) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,76) мен Қостанай (1,77)  облысында байқалды.

 

Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 29,6 жасты құрады.

 

 

Рейтинг газеті