Керағар ағымдардан сақтандырды

Қысқаша

Керағар ағымдардан сақтандырды

24.jpg

Түркі халықтарының «Ханафи мазһабын» таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі – халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан, біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Әсіресе, мұсылмандық түсінікте жас ұрпаққа ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беруге баса назар аударылады. Жастарымыз сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін ұмытпай, құрмет тұтып қадірлеуі, ислами құндылықтарды бірінші орынға қоюы маңызды. Жастардың бойына дәстүрлі діндң сіңір мақсатында, "Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларын алдын алу " тақырыбында кездесу болып өтті. Сайрам ауданында Аудандық кітапхана қызметкерлері қатысқан жиынды "Жалын жастар ұйымы" ҚБ-нің ұйымдастырды. Кездесуді Түркістан облысы Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"КММ- нің теолог маманы А.Тажибаев жүргізіп, дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діни ағымдардың айырмашылығын түсіндірді. Көпшілікті керағар ағымдардан абай болуға шақырды..

Жиын соңында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.