Мобильдік топ бірнеше ауылды аралап, кездесулер өткізді

Қысқаша

Жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұған тиімді түрде қарсы тұруға болады.

442.jpgЖемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұған тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сол үшін

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттігінің «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылған. Осы топ Қазығұрт ауданыда болып, бірқатар мемлекеттік және жеке меншік мекемелерде қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың маңызды екендігін айтып өтті.

Қазығұрт ауданына келген мобильдік топты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы бастап келді. Ол сыбайлас жемқорлық мемлекеттің дамуына кедергі болар басты мәселелердің бірі екенін айтты. Сондықтан, онымен күрес жалпының жұмысы болуы керек. Яғни әр отандасымыз ортақ мақсатқа жұмылып, жемқорлықты жоюға өз үлесін қосқан абзал. Ол үшін ең алдымен азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыруға сеп болар осындай шаралар жиі өткізілсе, жемқорлықтың алдын алуға  болады.

Мобильдік топ бірнеше ауылды аралап, кездесулер өткізді.