Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды

Қысқаша

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Дружба ауылында жер қойнына тапсырылады. Спортшыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді

Бұл туралы Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері Құралай Узурова айтты.

Жаназа 09.00-дан 10.30-ға дейін болады. 10.30-да Денис Теннің денесін Дружба ауылындағы зиратқа жерлейді. Жаназа асы сағат 13:00-де болады, қай жерде өтетіні әлі белгісіз.

Еске сала кетсек, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы әкімдігі мойнына алды.