Франция футболдан әлем чемпионы атанды

Қысқаша

Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатында Франция құрамасы Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды

15 шілде күні Мәскеудегі "Лужники" стадионында футболдан әлем чемпионаты ресми түрде жабылды. Финалдық ойын Франция мен Хорватия арасында өтті. Ойында есеп автоголмен ашылып, Франция алға шықты. Матчтың 28-минутында Перишич қарсылас қақпасына гол соғып, есеп теңестірді. 38-минутта пенальти тепкен француз Гризманн есепті 2:1-ге жеткізді.

Ойынның екінші таймында Хорватия футболшылары шабуылды үдете түсті. Алайда 59-минутта Погбаның соққан добы Хорватия қақпасына дөп тиіп, есепті алшақтата түсті. Франциялық футболшылар мұнымен тоқтап қалған жоқ, 65-минутта 19 жастағы Мбаппе өз командасында төртінші гол авторы атанды. Осыдан кейін хорваттар есеп теңестіру үшін барын салды. 69-минутта Манджукичтің соққан добы голға айналып, есепті қысқартты. Осыдан кейін Хорватия футболшыларында қаншама мүмкіндік болса да есеп 4:2 күйінде қала берді.

Айта кетсек, Хорватия әлем чемпионатының финалына алғаш рет шығып отыр. Ал Франция өз тарихында екінші рет чепмион атанды. Әлем біріншілігінің қола жүлдесін Бельгия құрамасы иеленді.