Бүгін – Қазақстан полициясы күні

Қысқаша

Бүгін Қазақстан полициясының құрылғанына 26 жыл болды.

29.jpg1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл – Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт. 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді.

Осыған орай, жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер күні аталып өтеді. Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.

Тәптіп сақшыларының кәсіби мерекесіне орай, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне келесі аптаға дейін қызметтік пәтер табыс ететін болады. Ал кеше Ақмола облысының Щучинск қаласында Бурабай аудандық ІІБ жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.