Бала тәрбиесіне баса назар аударды

Қысқаша

​«Бала тәрбиесі - ел болашағағының кепілі». Дәл осындай тақырыпта "Мақтарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығында" әлеуметтік қызметкерлер және ата - аналармен Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы Мақтарал аудандық бөлімінің дін

19.jpg«Бала тәрбиесі - ел болашағағының кепілі». Дәл осындай тақырыпта  "Мақтарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығында" әлеуметтік қызметкерлер және ата - аналармен Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы Мақтарал аудандық бөлімінің дінтанушы маманы М. Салиходжаевтың қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында дінтанушы маман бала тәрбиесінің маңыздылығы, әлеуметтік желілердегі арандатушылықтан бойларын аулақ ұстауы секілді жайттар жөнінде әңгіме болды.
Қоғамымыздың басты мәселелерінің бірі – еліміздегі түрлі дінді ұстанушылар арасында діни экстремистік көзқарастардың орын алуына жол бермеу. Бұл бағытта елімізде көптеген жұмыстар жүзеге асып жатыр. Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы осылар туралы жан-жақты мағлұматтар келтіріп, айтып берді. 
Жергілікті жерлерде жастарды керағар діни ағымдардан сақтандыру жолдары туралы әңгіме болды. Ата-аналарға балаларының нендей діни кітап оқитыны, кімдермен араласып жүргеніне назар аудару керектігі, қажет жағдайда ақылдасу үшін мамандарға бару қажеттігі айтылды.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар өздерін толғандыратын, көкейде жүрген сауалдарын қойып нақты жауаптар алды.