Діни экстремизм мен тероризмнің алдын-алу - бейбітшілікті орнату

Қысқаша

Қазақстан - дiнаралық тұрақтылықтың аймағы. Сондықтан да елiмiзде этностардың келiсiмi ғана емес, сонымен қатар, конфессияаралық татулықтың да орны ерекше. Бұл мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргiзген сындарлы саясатының арқасында жүзеге асып отырған ж

Қазақстан - дiнаралық тұрақтылықтың аймағы. Сондықтан да елiмiзде этностардың келiсiмi ғана емес, сонымен қатар, конфессияаралық татулықтың да орны ерекше. Бұл мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргiзген сындарлы саясатының арқасында жүзеге асып отырған жaйт. Сондай-ақ, мемлекеттiк саясаттың түрлi дiндердiң арасындағы қарым-қатынасты ұтымды реттеп отыруының жемiсi.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков Оранғай ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде айтып өтті. “Терроризм мен дiни экстремизм бейбiтшiлiк пен тұрақтылыққа төнген қауiп” атты тақырыпта ұйымдастырылған жиында қоғамдағы дiн мәселесi жан-жақты сөз болды. Дін - өте өткір тақырып. Бұл тақырыпта кездесу өткізу және оның дұрыс-бұрыс жақтарынтұрғындарға түсіндіре білген абзал. Бұны өз саласының кәсіби мамандары ғана жүзеге асыра алатыны белгілі. 

Осыған орай, кездесуге қатысқан ОҚО дiн iстерi басқармасының “Дiн мәселелерiн зерттеу орталығы” мемлекеттiк коммуналдық мекемесiнiң теолог маманы Б.Нұриддинов діни экстремизмнің қауіптілігін айтып өтіп, түсiндiрме жұмыстарын жүргiздi.

Кезесу соңында сала мамандары тұрғындардың сұрақтарына кең көлемде жауап берді.