Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібі дамуда

Қысқаша

Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібі дамуда



image.png

Шымкент қаласында қазіргі уақытта өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорындар белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 605 өңдеу өнеркәсібінде. Өңдеу өнеркәсібі - қала экономикасының дамуында зор рөл атқарады. Өнеркәсіп өнімдері республиканың барлық өңіріне, алыс-жақын шетелдерге тарап, қала экономикасына кіріс кіргізеді. Нәтижесінде елдің әлеуметтік жағдайы артып, өмір сүру деңгейі артады. 

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылдың 10 айында   632,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайызға артты.

Өнеркәсіп саласында үлесі 87,2 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 551,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 9 орында. Бүгінде өңдеу өнеркәсібі саласында 22,0 мыңнан астам адам жұмыс жасауда.

Жалпы кәсіпкерлік қолдау картасы аясында 2021 жылы қала аумағында 16,7 млрд.теңгеге 613 жұмыс орнын құрумен 

16 жобаны іске қосу көзделген. Аталған жобалар қосылған тұста жұмыс орындары көбейетіні түсінікті.

Оның ішінде, қазіргі таңда 15,5 млрд. теңгеге 13 жоба іске қосылып, онда 500-ден астам жұмыс орындары құрылды. Нәтижесінде 500 отбасы табысқа кенеліп, өмір сүру сапасы артты.