Пандемиялық ахуалдың алдын-алу басты назарда

Қысқаша

Пандемиялық ахуалдың алдын-алу басты назарда

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Арыстанов Сүлеймен  Тұрсымбайұлы Түркістан қалалық  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барды. Кездесу барысында жаңадан тағайындалған мекеме  басшысы Жиеналиев Оралбекпен сұхбат жүргізе отырып, оған бастамашыл басшы ретінде алдағы жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

image.png

- Ең бірінші кезекте Сүлеймен Тұрсымбайұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының  жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Елімізде орын алған пандемиялық ахуалдың алдын алу мақсатында орындаған істерін көрсете отырып,  алдағы уақыттада бірлесе қызмет жасауға дайын екендігін жеткізді. 

- Мекеме басшысы аталмыш басқармада санитарлық-эпидемиологиялық шаралар  мен пандемиялық жағдайға байланысты бірқатар жұмыстар атқарып жатқандығын мәлімдеді. Сөз соңында Сүлеймен Тұрсымбайұлы кез-келген жағдайда халықтың қалаулылары ретінде қолдау білдіретіндіктерін алға тартты.