Халық қалаулысы ауыл тұрғындарымен кездесті

Қысқаша

Облыстық мәслихаттың депутаты Өркен Есей аудандағы Жаскешу және Тастұмсық ауылдарына болып, өз сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Халық қалаулысы ауыл тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихаттың депутаты Өркен Есей  аудандағы Жаскешу және Тастұмсық ауылдарына болып, өз сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты сайлаушылар алдында алынған міндеттемелер мен депутаттың сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы жайында тұрғындарға ақпарат беріп, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарымен таныстыру болды. Өз сөзінде халық қалаулысы   Тастұмсық ауылында облыстық бюджеттен жаңа фельдшерлік акушерлік пункт салынып,  округке қарасты  Арыс өзені бойындағы көпір жөндеуден өтсе, Жаскешу ауылдық округінде бірқатар көшелер асфальтанғанын   тілге тиек етті.   Тұрғындар өздерінің мазалап жүрген сауалдары мен ұсыныстарын білдірді.