Елдегі онкологиялық орталықтар радиотерапия құрылғыларымен жабдықталады

Қысқаша

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі онкологиялық орталықтарды заманауи медқұрылғылармен жабдықтау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

27e70117648de772b3aa310e41e9703e_crop_l_58_t_18_w_1517_h_853_resize_w_520_h_.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі «Varian Medical Systems International AG» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

Республикалық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде ел үкіметімен бекітілген 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қатерлі ісікпен күресу жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес Астанадағы Ұлттық онкологиялық зерттеулер орталығы радиотерапия және протон терапиясына арналған жабдықпен, сондай-ақ 10 өңірлік онкологиялық орталықтарды сәулелік терапия машиналарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру жөніндегі жұмысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырады.

Айта кетейік, бұл орталықтың құрылысы 2019 жылы басталады. Биылғы жылы Денсаулық сақтау министрлігі қажетті ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстарын бастады.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы халыққа ерте диагностиканың жоғары тиімді және жоғары технологиялық әдістерімен және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, онкологиялық ауруларды емдеуді қамтамасыз етуге арналған.

Жалпы, Қазақстанда жыл сайын 35 мың жаңа обыр ауруына шалдыққан адам тіркеледі. Қазақстандағы 170 мыңға жуық адам обыр ауруына шалдыққан.


Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.