Instagram өз мүмкіндігін кеңейтті

Қысқаша

Instagram-да көру қабілеті нашар қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін жаңа функция қосылды. Бұл туралы РИА Новости компанияның блогына сілтеме жасап хабарлады
Ескерту!

56.jpg

Бүгінде арнайы технологияның арқасында суретте не бейнеленгенін анықтап, оларды дауыстап оқу мүмкін болып отыр.

Бұдан басқа, суретті жүктегенде оған сипаттама жазатын мүмкіндік бар, бұл сипаттама мәтінді нашар көретіндер үшін дауыстап оқылады.

Айта кетейік, өткен аптада Instagram жалған, қолдан көбейтілген лайктармен, пікірлермен және қолданушылармен күресетінін хабарланған болатын.