Ақиқатқа жетелеген ойталас

Қысқаша

Жаңадан құрылған Түркістан облысындағы Мырзашөл өңірі Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан соң көрші мемлекеттерде болып жатқан өзгерістер, қалыптасқан жағдайлар бұл жаққа ықпал етпей тұрмайды.

16.jpgЖаңадан құрылған Түркістан облысындағы Мырзашөл өңірі Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан соң көрші мемлекеттерде болып жатқан өзгерістер, қалыптасқан жағдайлар бұл жаққа ықпал етпей тұрмайды. Ал іргелес жатқан мемлекеттерге түрлі діни ағымдар өз ықпалын жүргізу үшін жасап жатқан әрекеттері біздің де қарап отырмай, қорғануымызды талап етеді. 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкерлері Б. Шаймерден, М. Салиходжаев, Д. Аманов жəне психолог мамандар төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен кездесіп, келелі ойталас өткізді. Әңгіме «Аутодеструктивті оқиғалар және діни ағымдардың алдын алу» деген тақырып төңірегінде өрбіді. Жүзге тарта қызметкер жиналған кездесу пікірталасқа айналды. Интернет арқылы ақпарат алып, оның қаншалықты шындыққа жанасатынына көп көңіл бөлемеген жастар уағызшылардың жетегінде кетіп қалып жатыр. Шындық іздегендер солай басы шырғалаңда қалып, ата-бабаның жолынан, дәстүрінен айрылатындай деңгейге жеткендер көп.

Дінді, өз мазхабымызды жақсы білетін мамандар теріс ағымдарды қалай тану керек екенін, одан сақтану жолдарын түсіндірді. Ойталас барысында жиынға қатысушылар ақиқатқа тоқтады.