"Ақылды" облыс орталығы - Түркістан

Қысқаша

XXI ғасыр – ақпараттық-технологиялар ғасыры екені баршаға белгілі. Бұл ғасырда өмір сүру үрдісі шапшаң дамуда. Қарқынды бәсекелестік ғасырында тек адам емес, қалалар да ақылды кейіпке ену керек. Ақылды қала – өмір сүруді, тұрмысты жеңілдетеді. Қалай?

13.jpgXXI ғасыр – ақпараттық-технологиялар ғасыры екені баршаға белгілі. Бұл ғасырда өмір сүру үрдісі шапшаң дамуда. Қарқынды бәсекелестік ғасырында тек адам емес, қалалар да ақылды кейіпке ену керек. Ақылды қала – өмір сүруді, тұрмысты жеңілдетеді. Қалай?

Міне, осыған орай бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев француздық Logelis GROUPE құрылыс компаниясының жетекшілігімен кездесті деп хабарлайды Түркістан облыстық баспасөз қызметі. Қос тараптың екі жақты жүздесуінде шетелдік компания басшылығы аймақ басшысына облыс орталығы - Түркістан қаласында инновациялық технологиялармен жасалған коттеджді үйлерді салу жобасын ұсына келіпті. Артықшылығы сол, "ақылды" үйлер электр қуатын үнемдеп, пайдаланушыны, мейлінше, артық шығынға ұшыратпайды әрі баспана бағасы қымбат емес бағамда қарастырылған. Инвесторлар "смарт" үйлерді шаһардағы индустриалды аймақтан жер алып, сонда құрастырып, жасауды жоспарлап отыр. Жылына 1 мың үйге дейін жасап, салып беруге даяр компанияның бұл жобасы республикадағы ешбір аймақта, әзірге, жүзеге аспаған. Шетелдік инвесторлардың ұсынысындағы бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтарға қаныққан өңір басшысы пилоттық жоба ретінде Түркістанда 50 үйді салуға болатынын жеткізіп, өңір үшін тиімді тұстарын зерделеуді тапсырды. Сонымен бірге, жауапты сала басшыларына "Нұрлы жер", "7-20-25" бағдарламаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда, тиісті жұмыстарға қосуды жүктеді.

Осылайша, жаңа облыс орталығы республикадағы ең «ақылды қалалар» қатарында болады.