Егістік алқаптары канал арқылы суғарылады

Қысқаша

Қазір – жаз маусымы. Жаз кезінде ауыл шаруашылығы өнімдері жинала бастайды. Жиналған өнім – ел ырзығы. Халық қазынасы. Және ең бастысы жиналған өнімді экспорттау арқылы бюджетке кіріс кіргізуге болады. Мысалы,

230.jpgҚазір – жаз маусымы. Жаз кезінде ауыл шаруашылығы өнімдері жинала бастайды. Жиналған өнім – ел ырзығы. Халық қазынасы. Және ең бастысы жиналған өнімді экспорттау арқылы бюджетке кіріс кіргізуге болады. Мысалы, Түркістан облысынан Ресейге жүздеген тонна қауын-қарбыздар жөнелтілуде. Бұл еліміздің қазынасын молайтатыны айдан анық. Сондықтан да, мемлекеттік экономикасының дамуына үлес қосып жүрген шаруаларға, диқандарға қолайлы жағдай жасау керек. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында нақты тапсырмаларды жүктеген болатын.

Осыған орай, Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығымен айналысатындарға қолайлы жағдай жасалуда. Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Оңтүстік, Жүзімдік ауылдарының егістік алқаптары 21,3 шақырымы "Ащысай" каналы арқылы суғарылады. Ащысай каналының механикалық тазалаудан өткізу үшін, облыстық бюджеттен 97 млн. 927мың қаржы бөлінген. Қазіргі таңда конкурс жеңімпазы анықталып, « Гидроқұрылыс» ЖШС тарапынан шілде айының басынан бастап каналды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде каналдың 16 шақырымы механикалық тазалаудан өткізіліп, қалған 5 шақырымы таяу күндері аяқталады. Егістік алқаптарына су беріліп жатыр.