Әдеп қағидаларын берік ұстанған мемқызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Қысқаша

Әдеп қағидаларын берік ұстанған мемқызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

9.jpg

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің моралды-этикалық жағынан ғана емес, олардың күнделікті өмірдегі жүріс-тұрысына байланысты да талап қояды. Оны орындау мемлекеттік орган қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Осы Әдеп кодексі талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында жақында Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Қалдыбек Оразовтың жеке қабылдауы өтті.

Жеке қабылдау барысында жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразовтың мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексінің талаптарын және ондағы міндеттерді айтып өтті. Яғни, мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында, басқа уақыттарда өздерін қалай ұстауы, олардың моралдық құқықтық жағынан сауатты болуы сөз етті. Сондай-ақ, ауыл округ әкімдіктерінің мамандары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Әдепті мемлекеттік қызметкер ешқашан заң бұзбайды. Олар ешкімнен ешқашан пара дәметпейді. Яғни, сыбайлас жемқорлықты болдырмауда әдепті ұстанған мемлекеттік қызметкерлер зор рөл атқарады.

Айта кетуіміз керек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалды реформаны іске асырудың 100 нақты қадамын айқындағаны белгілі. Бұл бес институционалды реформа – ел дамуының кепілі екендігі баршаға аян. Аталған ұлт жоспарының алғашқы он бес қадамы Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. Бұл Әдеп жөніндегі уәкілдің қабылдауы әдептілік нормаларын және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру бағытында өткізіліп отыр.