“Мейірім шуағы” мейірімділік танытуда

Қысқаша

“Мейірім шуағы” мейірімділік танытуда

30.jpg

Ел тұтастығы мен халық бірлігіне сызат түсірмеу үшін бірден бір дұрыс шешім – жастар арасында дәстүрлі дінді насихаттауға бағытталған кездесулерді көбірек ұйымдастырып, жас буынмен қоян-қолтық араласып тұру. Ал осы тұрпаттағы шаралар әрбір жастың діни таным-түйсігін арттырып, өмірге деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етері анық. Яғни, әрдайым берік байланыс орнаса, жастардың да сенім арта түседі.

Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ішінен құралған “Мейірім шуағы” атты ерікті белсенді студенттер тобы мешітке де жетті. Жалынды жастар Алпамыс батыр мешітінің іші-сыртына тазалық жүргізді.

Мейірімді топ 1-2-3-4 курс студенттерінен құралған. Игі іс – әр ай сайын жалғасын таппақ екен.

Асыл дініміздің көркеюіне қолдан келген көмегін аямайтын мейірбан жастарға мешіт қызметкерлері ризашылықтарын білдірді. Оларға алғыс ретінде құнды әрі бағалы кітаптар тарту етілді.

Мешіт имамы студенттерді біліммен бәсекеге түскен ғасырда бағыты бұлыңғыр, танымы тұйық ағымдардан аулақ болуға шақырып, кез келген мәселеде Діни басқарма мамандарынан сұрап, білу керектігін айтты.