Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Қысқаша

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

7.jpg

Әрбір тұрғынның көкейінде жүрген мәселесі бар. Бірақ, олар мәселені шешу жолында қиындықтарға тап болып жатады. Себебі, оларға әр алуан адамдар тарапынан кедергілер жасалуы мүмкін. Тіпті, олар әлгі азаматтың мәселесін шешіп беру үшін пара сұрауы да кездеседі. Ал, пара беру, пара алу деген өте ауыр қылмыс екені белгілі. Сыбайлас жемқорлыққа жол беру – ел экономикасын жығу деген сөз. Осыған орай, сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында елімізде көптеген тың жобалар қолға алынды. Аталған қылмыс түрімен күресте бұрыннан келе жатқан әдіс – жоғарғы басшылық тұрғындарды жеке қабылдап, мәселесін шешіп беруге ықпал етеді. Мәселенің шешілуін тікелей өзі қадағалайтын болады. Нәтижесінде, екі ортада жүрген атқарушы мамандар заңсыздыққа жол бермейтін болады.  

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және орынбасарлары А.Жаңбырбаев, С.Қарақұлов, сондай-ақ аппараттың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізді. 

Аталған қабылдау кезінде, аудан тұрғындары жер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты өздерін мазалаған сұрақтармен бөлісті. Ақментай Есбаев аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді аппараттың жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды тапсырды.