Дәстүрлі Ислам жайында кең көлемді мағлұмат берді

Қысқаша

Дәстүрлі Ислам жайында кең көлемді мағлұмат берді

29.jpg

Елімізде адамның әлеуметтік өмірі мен негізгі әлеуметтік институттарға кесірін тигізіп отырған керағар ағымдардың қызметіне тыйым салынған. Сенушілердің санасын улап, оларды өз қатарларында ұстауда психологиялық тәсілдерге жүгінетін жат ағымдардың қызметіне тосқауыл қою – әлеуметтің саулығы үшін маңызды мәселе.

Жастар арасында құқықбұзушылық пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында Арыс қаласындағы №17 колледж мекемесінде кездесу болып өтті. Кездесуге Арыс қаласы Орталық мешітінің жастар өкілі Қанат Садыбаев арнайы қатысып, мінез-құлық турасында уағыз айта келе өз- өзіне қол жұмсау ауыр күнә екіндігін студенттерге түсіндіріп өтті. Түрлі деструктивті ағымдардың өз қатарына тарту әдістері мен дін атын жамылған секталардың қауіптілігі секілді маңызды ақпаратпен бөлісті. Дәстүрлі Ислам жайында кеңінен мағлұмат беріп, теріс ағымдардың зияны мен зардабын түсіндіріп, деструктивті ағымдармен күрес жүргізу белсенді түрде жүзеге асып жатқандығын жеткізді.

Жиын соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтар мамандар тарапынан көңілге қонымды жауаптар берілді.