Салықтағы мөлдірлік - жемқорлыққа қарсы екпінді құрал

Қысқаша

Салықтағы мөлдірлік - жемқорлыққа қарсы екпінді құрал

10.jpg

Мемлекетте салық саласында көлеңкелі жайттарды болдырмай, мөлдірлікті қамтамасыз ету – ел экономикасының дамуына зор ықпалын тигізеді. Осы орайда, салық жүйесін оңтайландырылған абзал. Жұмыс ретке келіп, бәрі жоспарлы және оңтайлы түрде жүзеге асатын болса көптеген мәселелрге нүкте қойылады. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мәселесі өздігінен жойылады. Мөлдірлік - сыбайлас жемқорлықты болдырмайтын екпінді құрал. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімі аппараты, «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Сарыағаш аудандық филиалы, «Алып» сауда қалашығы мен Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өзара бірлесіп, мемлекеттік сапалы қызмет көрсету, салық міндеттемелерін тиісінше орындау қажеттігі туралы салық төлеушілердің хабардар болуын арттыру мақсатында Меморандумға қол қойды. 

Меморандумның мәні бірінші және екінші жақтар өз құзыреттері шеңберінде жұмыс атқарады. Атап айтқанда: Мемлекеттік мүдделерін сақтай отырып салық төлеушілердің құқығын қорғауын қамтамасыз ету; Кәсіпкерлік субъектілерінің салық мәдениетін көтеруге іс-шара жүргізу; Пилоттық жобаға енген «Алып сауда қалашығы аумағын керекті телекомуникациялық байланыс құралдарымен жабдықтау;«Алып» сауда қалашығына келіп тауар өткізген салық төлеушілерді дара кәсіпкер ретінде тіркеу және счет фактураларын түзеу болып табылады. Бұл жұмыстар өз деңгейінде атқарылып, тұрақты түрде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп алынып тұрады.