Төлебиде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Қысқаша

Төлебиде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды жұмыстар жүргізілуде

4.jpg

Түркістан облысы, Төлеби ауданының кіші мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісі өтті. Комиссияда Төлеби ауданы әкімі Б.Омарбеков төрағалық етті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуы бойынша биыл 9 айда атқарылған жұмыстар және алға қойылған міндеттері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Е.Бекболатов «Төлеби аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы баяндама жасады. 

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек 9 айда атқарылған жұмыстары бойынша слайдпен баяндама жасап “Жебе” драмалық ұжымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сахналық қойылымы жайлы айтып өтті. Баяндама барысында аудандық прокурор Д.Тлемисов аталған қойылымды алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлердің алдында көрсетуді ұсынды.

Кемеқалған ауылдық округінің әкімі Д.Дарибаев Кемеқалған ауылдық округі әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы слайдпен баяндама жасады. Баяндамада әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ұрлық және т.б. қылмыстардың алдын алу тақырыбында құзырлы органдарымен және діни бірлестіктермен өткізілген кездесулерінде айтты.

Әр баяндама соңында, баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.