Дінге жағдай жасалса, ел экономикасы да дамиды

Қысқаша

Әлем елдері Қазақстанда бір шаңырақтың астында шәй деспей, бейбіт қарым-қатынаста отырған түрлі діндерге жасалған жағдайға, ахуалға қызығады. Қазақстан діни конфессияларға барлық жағдайды жасап отыр. Бұл өте маңызды. Дін деген өте нәзік тақырып екенін еск

9.jpg

Әлем елдері Қазақстанда бір шаңырақтың астында шәй деспей, бейбіт қарым-қатынаста отырған түрлі діндерге жасалған жағдайға, ахуалға қызығады. Қазақстан діни конфессияларға барлық жағдайды жасап отыр. Бұл өте маңызды. Дін деген өте нәзік тақырып екенін ескерсек, дінге жас шыбыққа көңіл бөлгендей жай жасаған абзал. Сонда ғана ол өсіп-өркендеп, айналасын күннің ыстығы мен өткір сәулесінен қорғайды. «Жалғыз ағаш орман емес» демекші, көптеген діни конфессиялар бір-біріне кедергі келтірмей, өз шекарасында дамыса, мемлекет те дамиды.  

Осыған орай, бүгін «18-қазан - Рухани келісім күніне» орай Түркістан облысы, Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдардағы діни бірлестік төрағаларымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында елімізде өмір сүретін этностардың ынтымағы мен төзімділігінің арқасында бейбітшілік орнап отырғаны, діннің ахуалы діни бірлестіктердің ұдайы өсуімен ғана емес, діни құрылымдардың белсенділігімен де сипатталатыны айтылды. Мысалы, Кентауда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Оларға дінді таңдауға еркіндік берілген. «Сен мынаны таңда» деген қысым жоқ. Себебі, зайырлы мемлекетте әр адамда өз таңдау құқығы бар. 

Кездесу соңында «Толық Ізгі Хабар Сун-Бок-Ым» Евангельдік Христиандық Шіркеуі жергілікті діни бірлестігінің төрағасы А.Зарипбаев, «Шымкент епархиясының Кентау қаласындағы Благовещенский приходы» жергілікті діни бірлестігінің төрағасы И.Варфолемей, ҚМДБ-на қарасты мешіт имамдары қала әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.