Діни экстремизм мен терроризм мәселелері талқыланды

Қысқаша

Діни экстремизм мен терроризм мәселелері талқыланды

1542714016375033.jpg

ҚМДБ-ның Түркістан қаласындығы кеңсе ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Өтпеновтың қатысуымен діни экстремизм мен терроризм мәселелері талқыланды.

Аталмыш жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы міндетін атқарушы Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Асылбек Ноғаев, Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы Рысбеков, Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Түркістан қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Кеңесбекұлы Бөкебаев, Сарыағаш ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев, Келес ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Оразбайұлы Илесов және қала, аудан имамдары қатысты.

Жиын барысында Сарыағаш, Келес, Сайрам аудандарындағы діни ахуалдар жайлы ішкі саясат басқармаларының өкілдерінің хабарламалары тыңдалды.

Мұнымен қатар, наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы Түркістан облысына қарасты Келес, Сарыағаш және Сайрам аудандарында көп шоғырланған жат ағым мүшелерімен белсінді жұмыс жасау қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ, аталған бағыттарда өңірдегі проблемалық мәселелерге назар аударылып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті орындармен бірлесе отырып шаралар әзірлеуді тапсырды.