WhatsApp енді қара түсті болады

Қысқаша

WhatsApp мессенджерінің өкілдері алдағы уақытта қосымшаның жаңаратынын мәлімдеді

f6768267eee9d5779770c72f2c5843a3_crop_l_17_t_5_w_491_h_276_resize_w_520_h_.jpg

Еске сала кетсек, жақында мессенджер батырмалы телефондарға да қолжетімді болды. Нәтижесінде әлем бойынша WhatsApp қолданушыларының саны бір жарым миллион жаңа аккаунтқа артты.


Жаңаруы жайлы айтатын болсақ, WhatsApp өкілдері мессенджер қара түске ауыстырылады деп отыр.


Олардың сөзіне қарағанда, қара түс көзді аса ауыртпайды. Сондай-ақ, жаңа түстің арқасында аккумуляторды үнемдуге болады. Таяуда бұл түс iOS пен Android-та қолжетімді болады.