«Ауыл – ел бесігі» жобасымен өңірде ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Қысқаша

Ауыл – Ел бесігі

Сарыағаш аудан әкімі М.Отаршиев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Әділбеков таныстырды. 

Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекенінде 8 көшенің 13,3 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары «MM Group» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталу жоспарлануда.

image.png

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.  Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. Нысан құрылысымен танысқан аудан басшысы халық игілігі үшін салынып жатқан жол құрылыстарының сапалы әрі мерзімді аяқтауды мердігер мекеменің басшысына тапсырды.

Айта кетсек, ағымдағы жылы аудан бойынша «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар, Дарбаза, Жібек жолы және Дербісек ауылдық округтерінде жалпы 17 көшенің 27,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Сарыағаш қаласы Телемұнара және Көктөбе шағын ауданындағы 13 көшенің 14,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, 2021-2022 жылдарға өтпелі кезеңмен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болса, ал, жергілікті бюджеттен 2021 жылға аудан бойынша 9 көшенің 10 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына және 20 көшенің 43,7 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен аудан бойынша қосымша 16 көшенің 19,1 шақырымына орташа жөндеу және 7 көшенің 6,2 шақырымына тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.