Ауданда жұмыссыздық деңгейі түскен

Қысқаша

Ауданда жұмыссыздық деңгейі түскен

Screenshot_10.jpg

Бүгін Қазығұрт ауданында қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес, жастарды қолдау бойынша қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша жол картасының 77,78,79,82 тармақтары («Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша, аудандағы шаруа қожалықтарымен, ұйымдарымен меморандум жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыру, жастар жұмыссыздығы) бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі мен аудандық жұмыспен қамту орталығы басшылары тыңдалды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2009-2021 жылдар аралығында жалпы көтерме жәрдемақы 847 маманға берілген.

Жол картасының 77 тармағына сәйкес, 2021 жылы 134 маманға көтерме жәрдемақы және 60 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді. 2022 жылға көтерме жәрдемақы алуға 147 маманға, тұрғын үй сатып алуға 70 маманға кредит беру жөнінде облыстық салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Сонымен қатар жол картасының жастарға арналған аудан атты тармақтарын жүзеге асыру бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:

«Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға 300 грант бере  отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдесу (60 грант беру) мақсатында, 2021 жылы аудан бойынша берілген 100 гранттың 49 жастарға берілді. Атап айытқанда мал шаруашылығын дамыту, балмұздақ өндіру, вулканизатция ашу, жиһаз жасау, тігін шеберханасын ашу, кондитер өнімдерін өндіру, компютерлік қызмет көрсету орталығын ашқан. Қосымша 2 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан мал шаруашылығын дамыту және жылы жайға шағын несие алған.

Жастар жұмыссыздығының деңгейін 2025 жылға дейін 4,5%-ды ұстап тұру мәселелері ауданда жастар жұмыссыздық деңгейі 4%-ды құрайды.