Түркістан балуандары әлем додада қарсылас шақ келтірмеді

Қысқаша

Түркістан балуандары әлем додада қарсылас шақ келтірмеді



Татарстанның Мамадыш қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 12 елінен ең талантты деген тəжірибелі балуандар қатысқан додаға Қазақстан ұлттық құрама командасы да бақ сынап, туған елге олжалы оралды.  

image.png

Әлемдік додаға Ұлттық құрама сапында Түркістан облысынан жалпы 9 спортшы қатысты. Оның 9-ы ұл балдар және 4-і қыздар. Қорытынды бойынша түркістандық саңлақтар екі алтын, бір күміс медалді олжалап, көк байрағымызды көкте желбіретті. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхаметәлі Бердашев хабарлады. 

Белбеу күресінен өткен əлем чемпионатында күрескен Түркістан облысының бір топ жас балуандары өз салмақтарында қарсыласқа шақ келтірмей, әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Атап айтқанда, боз кілемде талантымен танылған түркістандық 85 келі салмақта өнер көрсеткен Асылжан Кәрім қарсылас шақ келтірмеді. Әлемнің мықтылар мойындаған білекті балуандарды тізе буктірді. Өз кезегінде 95 келідегі жерлесіміз Алмас Темірбайға қарсы тұрар балуан болмады. Жаттығып жеткендердің қайсысын болса да жауырын жер иіскетті. Солай түркістандық балуандар өз салмақ дәрежелерінде бір-бір алтын медальдан жеңіп алып, көк байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды іуелетті. Қазақстанды мойындатты. Екееуінің де бапкері Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы – Қуат Байқожаев. 

Сонымен қатар, əлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының талантты спортшысы, балуан қыз Ақбота Қыдырәлі 63 келіде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 

    A+
Уақыты: 2021-09-09  Айдарша: Өңір
TAG: