Түркістан облысында жолдар 99,5 пайызға жаңарады

Қысқаша

Түркістан облысында жолдар 99,5 пайызға жаңарады



Түркістан облысында сапалы асфальт жолдардың индикатор көрсеткішін үш жылда 99,5 пайызға жеткізу жоспарланып жатыр. Бұл туралы Түркістан облсының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен 2021 жылға жоспарланған автомобиль жолдары саласын дамытудың орындалуы талқыланған аппарат отырысында баяндалды. Ал, осы жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79 пайыздан 87 пайызға арттыру көзделуде.  

image.png

Түркі халықтарының мәдени астанасы, еліміздің рухани орталығы түрленген Түркістан қаласына өңірдің өндірісінде локомотивіне айналуы тиіс Кентау шаһарынан кіреберіс жолды 26,6 шақырымын қайта құру жұмыстары басталды. Түркістан - Балтакөл, Түркістан-Қарнақ-Кентау бағыттарында 80 шақырым жол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Түркістан-Қарнақ-Кентау, Кентау-Ащысай бағыттарындағы 87 шақырым жолдарды жөндеуге тиісті қаржысы қаралды. Сонымен қатар, Шардара-Арыс бағытындағы жалпы ұзындығы 41 шақырым жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жақын күндері толық аяқталады. 

Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шымкент-Көксәйек бағыттарындағы 50 шақырым күре жолдар да жөнделу үстінде. Отырар ауданының Шәуілдір-Көксарай-Байырқұм және Отырар қалашығы бағыттарында жолды орташа жөндеуге тиісті қаржы қаралды. Ордабасы ауданының Темірлан-Қызылсеңгір, Қайнар-Ұялыжар, Бадам-Шұбар бағыттарындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл жолдардың құрылысы биыл бітпейді, жоспар бойынша келер жылға өтпелі. Сонымен бірге, Қазығұрт, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек, Төлеби аудандары мен Арыс қаласында жолдарды жөндеу жұмыстары да қызу жалғасын тауып жатыр. 

    A+
Уақыты: 2021-09-06  Айдарша: Өңір
TAG: