Түркістан облысында көмірден өндірілген бензин эксортталады

Қысқаша

Түркістан облысында көмірден өндірілген бензин эксортталады



Түркістан облысының Ордабасы ауданында бой кетерген «STANDARD PETROLEUM & CO» мұнай-химия комбинатының мамандары көмірден бензин өндіру технологиясын ойлап тапқан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Ордабасы ауданына іссапары басрысында айтылды.  

Screenshot_12.jpg

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел бірлігінің берік негізі» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынған бірқатар жобалармен танысты. Қызыл-Сеңгір мен Боралдай елді мекендерінің арасындағы Боралдай өзенінің бойынан сыйымдылығы 50-60 млн текше метрді құрайтын су қоймасы салынуын құптады. Жаңа нысанның ені екі шақырымды, ұзындығы бес шақырымды құрайды. Нәтижесінде Ордабасы, Отырар аудандары мен Түркістан қаласынан жалпы 45 мың гектардан астам жер қосымша ағын сумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, «STANDARD PETROLEUM & CO» мұнай-химия комбинатынна барды.  

«STANDARD PETROLEUM & CO» бензин мен жанармай қайта өңделіп қана қоймай, мұнай-химия өнімдерін шығару үшін мұнайды терең өңдеумен айналысатын, осы саладағы ең соңғы технологияларды өндіріске тиімді пайдалана білген кәсіпорын. Бүгінде зауыт өнімдері Қазақстан Республикасының аумағында өндіріліп, ТМД нарығына экспорттау көзделуде. Аталған өңдеу өнеркәсіп жылына 2 миллион тонна шикізат өндеуді көздеп отыр. Ресей және Қытай технологиясымен жабдықталған қондырғылар орнатылған жобаның жалпы құны 240 миллион АҚШ долларды (95,0 миллиард теңге) құрайды. Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 961 миллион теңгеге 14,2 шақырымға темір жол және 298 миллион теңге қаржыға су құбыры тартылуда. 

    A+
Уақыты: 2021-09-08  Айдарша: Өңір
TAG: