Майдангерлерге құрмет - Оларға биыл қандай көмектер беріледі?

Қысқаша

Майдангерлерге құрмет - Оларға биыл қандай көмектер беріледі?

Шымкент қаласында жыл басынан бері 110 отбасындағы 175 адам «қандас» мәртебесін алды. Ал, 6 айға ұзартқандар саны 13 отбасыдан 16 адамды құрады.

Screenshot_13.jpg

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі атажұртқа қоныс аударушылардың басым бөлігі Өзбекстананн келгендер. Жыл басынан бері мегаполиске көрші елден 173 қандас көшіп келген. Ресейден – 1, Қырғызстаннан 1 адам қоныс аударған.

Қоныс аударғандардың басым бөлігі құрылыс саласы мен сауда-саттық және басқада өзге де жұмыстарды атқарып келеді.

Алғаш елге келген этникалық қазақтарды жаңа қоғамға бейімдеу үшін Шымкент қаласында 2008 жылдан бері «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызметтер көрсету болып табылады.

Қазіргі сәтте орталықта бейімдеу қызметін 17 отбасынан 49 адам алуда. Жалпы, қандастарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру ісі де белсенді жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Еңбек мобильділігі орталығына 48 қандас жүгініп, олардың ішінен 23 адам мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарына – 9, Жастар практикасына – 3, Алғашқы жұмыс орнына – 7 және Күміс жас жобасына – 1 адам жолданды. Сонымен қатар, 6 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде business.enbek.kz порталында кәсіп бастаудың алғашқы дағдыларын үйренді.

Аталған басқарманың таратқан ақпаратына қарағанда,  бүгінде қаламызда Ұлы отан соғысына қатысқан екі ардагер ғана қалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне көрсетілетін көмек көлемін 1 329 120 теңгеден (360 АЕК) 2 000 000 теңгеге (542 АЕК) дейін арттыру мәселесін шығаруды тапсырды.

Тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы оларға 41 400 теңге (12 АЕК) төленсе, биыл бұл сома 55 380 теңгеге (15 АЕК) ұлғайтылды. Қалада 1872 тыл еңбеккері ақшалай төлем алады.

Сонымен қатар, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына тиесілі біржолғы әлеуметтік төлем өседі. Биыл олар 239 980 теңге (65 АЕК) алады. Бүгінде Шымкентте осы топқа жататын 18 адам тұрады.