Отыз жыл өзгермеген рекорд жаңарды

Қысқаша

Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды құрамасы

isUvpRlIW5A.jpg

Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. 21 жасар қарағандылық Давид Ефремов 60 метрге жүгіруде Қазақстан рекордын жаңартты.


Бұл дистанцияда отыз жыл бойы Андрей Гутовтың рекордын ешкім жаңарта алмаған болатын. 1992 жылы жеңіл атлет 7,78 секунд ішінде 60 метрді жүгіріп өткен. 

Давид Ефремов бұл көрсеткіштен асып түсіп, аталмыш қашықтықты 7,67 секундта жүгіріп өтті. Қарағандылық спортшы наурыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатына нормативті орындады.  

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан Қазақстанның XXІX чемпионаты 17-18 қаңтарда Өскемен қаласында Ольга Рыпакова атындағы спорт манежінде өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 260 спортшы қатысты. 

Чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қарағанды облысының спортшылары көш бастады. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының, үшінші орынды Қостанай облысының спортшылары иеленді. 

Қарағанды атлеттері 27 медальға ие болды. Оның 8-і алтын, 13-і күміс, 6-ауы қола. Енді чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеңіл атлетикадан әлем жарыстарында ел намысын қорғайтын болады. Үздік атлеттер 12-13 ақпанда Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.


Рейтинг газеті