«Астана-Арена» жабық

Қысқаша

Ел чемпионы «Астана Аренада» жөндеу жұмысы өтетіне байланысты алдағы маусымды Қызылорданың стадионында бастайды.

9b058541-58a4-4636-ac38-65fa6ceff268.jpg

«Астана-Арена» жылда маусымның шымылдығын ашатын Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін матчты қабылдайтын. Алайда биыл күтпеген жерде аталмыш ойын Қостанайдағы жабық алаңға ауыстырылды. Кейін хабарланғандай, «Астана-Арена» стадионы 120 күнге қайта жөндеу жұмыстарына жабылатын болды. Стадионның жасанды төсеніші толықтай ауыстырылады деп күтілуде. 

 

«Астана» биылғы маусымның алғашқы матчтарын Қызылордағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өткізеді.


Рейтинг газеті