Белсенді қозғалыс - салауатты өмір салтының негізі

Қысқаша

Белсенді қозғалыс - салауатты өмір салтының негізі

Podobny obraz

Адам күнделікті іс-әрекетінде, тұрмыста, өндірісте, дене тәрбиесі мен спортпен айналысқанда әралуан қозғалыс жасайды. Физиологиялық тұрғыдан алғанда – өзара тізбектелген қозғалыс әрекеттері (қимылдар) белгілі мақсатқа жету үшін орындалатын жаттығулар. Оның ішінде спорттық жаттығулар ең жоғары көрсеткіштерге жету мақсатын талап етеді. Дене жаттығулары бұлшықет іс әрекетіне қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. бұлшық еттің белсенді көлемі

  2. бұлшықеттің жиырылу түрі – тұрақты немесе жылжымалы:

  3. жиырылу күші немесе алымы.

Бұлшықеттің жаттығуға қатысатын белсенді көлемі бойынша: жергілікті, аймақтық және ауқымды болып жіктеледі. Тұрақты қозғалыс– дене қалпын сақтау, аспаптарды мығым ұстау түрінде атқарылады Дене жаттығуларының көбісі (жүру, жүгіру, жұмыс істеу т/б) жылжымалы қозғалыс түрінде болады. Тұлғалық жаттығулар кезінде бұлшықеттердің күші, оның жиырылу жылдамдығына кері қатынаста болады. Неғұрлым жылдамдық тез болса, солғұрлым аз күш жұмсалады.

Бұлшықеттің жиырылу күші мен жылдамдығы оның алымын құрады. Оның күші жоғары болған сайын, жиырылу мерзімінің ұзақтығы қысқара береді.

Күш түсетін жаттығуларда бұл қозғалыс сапасын көрсетеді. Ал бұлшықеттің алымы күш түсетін жылдам жаттығуларда маңызды орын алады.

Бұлшықеттердің орташа күш пен жылдамдық жұмсап жаттығу мерзімін ұзақ уақыт сақтау қабілетін шыдамдылық дейді.

Жаттығулардың негізгі сипаты – олардың энергиялық құны : тыныш отырғанда 1,6 ккал/ мин, жүргенде (5 км/ сағ жылдамдықпен) – 4 кал/ мин жүргенде (8 км/ сағ)- 9 ккал/ мин болады. Алайда, ол арқылы жаттығудың ауыртпалығын анықтау жеткіліксіз. Сондықтан басқа да физиологиялық көрсеткіштерді анықтау қолданылады. (оттегін тұтыну жылдамдығы, жүректің соғу жиілігі( өкпе желдетілісі т/б)

Спорттық жаттығулар оралымды және орылымсыз болып бөлінеді. Оралымды жаттығулар бірнеше рет қайталанып отыратын қозғалыс түрінде болады (жүру, жүгіру, жүзу т/б) Ал оралымсыз (ациклді) қозғалыста кимыл белсенділігі әртүрлі бағытта өзгеріп тұрады (спорттық ойындар).

Жаттығулардың алымы физикалық жүктемені көрсететін шамамен және организм әсерленісін айқындайтын физиологиялық жүктемемен өлшенеді. Физикалық жүктеме күшейген сайын физиологиялық алымы өсе түседі. Сондықтан оның сипатын анықтау үшін жүктемеден кейінгі салыстырмалы физиологиялық өзгерістер тіркеледі.

Спорттық жаттығулар кезіндегі физиологиялық өзгерістердің көбісі дене еңбегі сияқты бағытта болады. Алайда олар ауқымды , қарқынды және тез қажытатын толқынды келеді.

Олардың көлемі адамның шыдамдылық (төзімділік) қабілетіне байланысты болады.. Жасалатын жұмыстың түріне дене сипатына қарай шыдамдылық әртүрлі болады:

  1. Статикалық және динамикалық – тұрақты және жылжымалы жұмысты ұзық уақыт орындау қабілеті:

  2. Жергілікті және ауқымды шыдамдылық- бұлшықеттердің көбісі иқатысуымен осындай жұмыстарды ұзақ уақыт орындау қабілеті:

  3. Күштің шыдамдылығы – алымды бұлшықет жұмыстарын бірнеше рет қайталау мүмкіндігі.

  4. Анаэробты (оттегінсіз) және аэробты (О2) энергиямен жабдықтау арқылы жұмысты ұзақ мерзімде істеу қабілеті