Көптілді тұлғаны қалыптастыру - бәсекеге қабілетті қоғам құрудың кепілі

Қысқаша

Көптілді тұлғаны қалыптастыру - бәсекеге қабілетті қоғам құрудың кепілі

Көп тіл білу – заман талабы. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу үшін үш тілді меңгеру маңызды ұстанымдардың бірі болып қалмақ.

Screenshot_4.jpg

Инновациялық білім беру технологияларын дамыту және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз етуді мақсат ететін Шымкент қаласындағы, Орталық Азия Инновациялық университетінің «Тілдер және әдеиет» кафедрасы білім алушыларды:

- 6B01704 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

- 6B01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»;

- 6B01705 – «Шет тілі: екі шет тілі»;

- 6B02301 – «Аударма ісі»;

- 6B01706 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» - білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр деңгейіне, 

- 7M01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;

- 7M01702 – «Шет  тілі: екі шет тілі»;

- 7M01703 – «Орыс тілі мен әдебиеті» - білім беру бағдарламалары бойынша магистр дәрежесіне дайындайды. 

Кафедраның аталған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлаудағы мақсаты:

- жалпыадамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;

- мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттерді меңгеру;

- жалпы тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы заманауи ғылыми тұжырымдамалар мен жетістіктер туралы ақпарат беру;

- Білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау, педагогикалық процесті сапалы ұйымдастыру және басқару дағдыларын меңгеру; 

- Білім алушыларға дүниетаным, өмірдің ғылыми және философиялық негіздері, руханият пен ұлттық сананың мәні туралы терең білім беру.

Міндеттері:

- жалпы тіл білімі мен әдебиеттанудың заманауи ғылыми тұжырымдамалары мен жетістіктерін, тіл мен әдебиетті оқытудың әдістемелік мәселелерін терең зерттеу;

- аталған білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауда ғылыми-теориялық инновациялық әдістерді қолдану;

- жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болашақ мамандарда әлеуметтік-мәдени, лингвокоммуникациялық, экономикалық, жаратылыстану-математикалық, кәсіби, іргелі, көптілді, инновациялық – негізгі және арнайы құзыреттерді қалыптастыру;

- оқу процесінде болашақ мамандардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін үштілді білім беруді пайдалану;

- болашақ мамандардың педагогикалық және психологиялық құзыреттілігін дамыту;

- магистратура мен докторантурада оқуды жалғастыру үшін қажетті дайындық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.

Білім беру бағдарламалары білім алушылардың академиялық ұтқырлығына қол жеткізуге және оларды еңбек нарығында табысты болуға бейімдеуге бағытталған базалық білім мен ғылым қағидаттарына сәйкес әзірленген. 

Болашақ білімді мамандарды дайындау мақтасында, кафедра құрамында: 2 ф.ғ.д., профессор, 4  ф.ғ.к., доцент, 2 п.ғ.к., доцент, 10 ф.ғ.к., аға оқытушы, 3 PhD доцент, 8 магистр, аға оқытушы, 4 аға оқытушы, 3 магистр оқытушылар педагогикалық қызметін жүргізеді. 

Сондай-ақ, білім алушылардың шабытын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту мақсатында «Жас ақын», «Полиглот», «English club» үйірмелері тегін қызмет көрсетеді.

Адам өміріндегі жауапкершілікті қажет ететін ең маңызды қадамдардың бірі – мамандық таңдау. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенеді. 

Жас талапкер, егер де сіздің тіл үйренуге деген құлшынысыңыз, өлең, шығарма жазуға ынтаңыз болса, онда біз сізді Орталық Азия Инновациялық университетіне шақырамыз! 

Орталық Азия Инновациялық университеті

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының ұжымы