Қоғалының қымыраны

Қысқаша

Қоғалының қымыраны

Ауылда еңбектің қадірін, еңбек еткен адамның үлкен жетістікке жететінін білген және соны ұр¬пағына ұғындырып, сәт сайын санасына сіңіріп отырған жандар көп. Солардың бірі – А.Қасмырзаұлы түйе ұстау ең тиімді іс екенін айтады. Иә. Отырар ауданы, Қоғалы ауылында өндірілген шұбат бүгінде бүкіл елге танымал. 

Screenshot_43.jpg

Ауылда оны көп жылдан бері түйе бағып, шұбат өндіріп келе жатқан отбасылар аз емес. А.Қасмырзаұлы отбасында барлығы 50 түйе бар. Оның алты-жетеуі сауылып, фермада ұсталады, қалғаны өрісте. Күніне жалпы 40-50 литр сүт сауылады екен. Отанасы Ақнұр Ерманқызы қымыран ескі рецепт бойынша дайындалатынын, дәрумендер мен микроэлементтерге бай болғандықтан авитаминоз, анемиямен күресуге пайдалы екенін айтады. Зерттеушілер бұл сусынның бір стаканында антиоксиданттық, инфекцияға қарсы, тромбозға қарсы қасиеттері бар 200-ге жуық ақуыз барын анықтаған.  Қымыранның осындай қасиеттерін жақсы білетін А.Байдуллаева түйе сауып, шұбат жасауды осыдан жиырма бір жыл бұрын күйеуінің үйіне келін болып келгенде үйренген екен. Тұрмысқа шыққанға дейін бұл кәсіппен айналыспаған оған енесі үйреткен. Ол кезде ауылда екі-ақ отбасы қымыран өндірумен айналысқан. Бүгінде олардың саны еселене түскен. Отырар және көршілес аудандардың тұрғындарынан сұраныс бар. Тіпті Шымкенттен, Алматыдан келіп, тойға арнап шұбат алып кететіндер көп. Түйе сүтінен жасалған құрт та үлкен сұранысқа ие. 

Мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейтін Ақнұр Ерманқызы үй шаруасына да үлгеруде. Әр түйенің өзіндік әдеті, мінезі барын білетін Ақнұр сауар алдында әрқайсысын сипай отырып, сөйлеседі. Балалармен бірге түйелерге ат қойып та алған. Мысалы, ең кәрі түйені Кәрімая десе, жүйрік түйені Ауди деп атайды. Күйеуі мен балаларының қолдауының нәтижесінде шұбатты та жасап жүрген еңбекқор ана бұл кәсіп балалары мен немерелері жалғастыратын отбасылық болатынына сенімді.