Жылу беру маусымына дайындық қатаң бақылауда

Қысқаша

Жылу беру маусымына дайындық қатаң бақылауда

Алдағы жылу беру маусымын үздіксіз әрі қауіпсіз өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар энергия нысандарын, инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорын жоспарлы түрде дайындауда. 

Screenshot_19.jpg

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр селекторлық кеңесте облыс әкімдеріне алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін барлық жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Тиісті министрліктерге энергетикалық кәсіпорындар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы бойынша бақылауды күшейту жүктелді.

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде 1733 көпқабатты тұрғын үй бар. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 686 көпқабатты тұрғын үйдің 574-і жылыту маусымына дайын. 2448 бюджеттік мекеменің 500-ден астамы жылыту маусымына дайындалған. Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі – 1 млн 154 мың тонна. Оның ішінде коммуналдық - тұрмыстық қажеттілігі – 245,1 мың тонна. Тұрғындар мен жылыжайларға қажетті көмір – 908,9 мың тонна. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, бюджеттік мекемелер көмір сатып алуды 2023 жылдың 15 тамызына дейін аяқтауы тиіс. Ал Кентау қаласындағы № 5 жылу энергия орталығын қайта құру жұмыстарын 3 кезеңге бөліп жүргізу жоспарлануда. Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелерін  және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыстарын атқару бойынша мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС-ымен келісімшарт түзілген. Биыл 4,7 шақырым жылу жүйесін және 2 сорғы станциясын қайта құру көзделуде. Қала аумағындағы 75 бюджеттік мекемеге қажетті 1394 тонна қатты отын (көмір) мен 390 175 тонна сұйық отын (дизель) сатып алу жоспарланған.