Сот жүйесін жаңғырту мемлекеттік деңгейде жүзеге асуда

Қысқаша

Сот жүйесін жаңғырту мемлекеттік деңгейде жүзеге асуда

Бүгінде елімізде сот саласын реформалау үш сатылы буында жүріп жатыр.  Көптеген жаңа нормалар енгізілуде. Бұл орайда заңгерлер жаңа реформалардың енгізілуі біріншіден, соттың жұмысын жеңілдетуге бағытталғанын айтады. 

Screenshot_10.jpg

Судьяларға жүктелетін міндеттердің ауырлығы ескеріліп, мүмкіндігінше оларға өздерінің басты қызметімен айналысуына жағдай жасалып отыр. «Сот жүйесін жаңғырту мемлекеттік деңгейде жүзеге асып келеді. Себебі біздің еліміз де әділ билік айтуда дамыған мемлекеттердің озық стандарттарынан қалып кетпеуі керек. Заман ағымымен бірге ілесіп отыруымыз қажет. Сондықтан да, меніңше сот саласын реформалаудың сәті туды ғой деп ойлаймын. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек. Әрине, сот жүйесін реформалау мұнымен аяқталмайды. Бұл шаруамен мамандар Жоғарғы Соттан тыс айналыса береді.   Осы қадам үдеріске бәсекелік сипат беріп, оны қоғам өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар үшін ашық, яғни, анағұрлым тиімді етеді», деген еді. Ендеше реформа аясында бүгінгі таңда судьялардың жұмысын барынша жеңілдетуге, олардың біліктілігін арттырып, іс қарауда толық дербестігін қамтамасыз етуге жұмыстар атқарылып жатыр», – дейді Қазығұрт аудандық сотының судьясы Ілияс Тоғызбаев.