Психотроптық препарат заңсыз пайдаланылса

Қысқаша

Психотроптық препарат заңсыз пайдаланылса

Шымкент қаласындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Денсаулық сақтау саласы комитетінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдар және кәсіпкерлік нысандарының қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар, заңнамалық өзгерістер мен өзекті мәселелер қаралды.психотроп.png

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және аға жедел уәкілі полиция майоры Жанболат Жанатбекұлы қатысты.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша сөз сөйлеген полиция майоры Бауыржан Карбеков дәрілік заттардың рецептісіз босатылуына қатысты мәселені қозғап, бірқатар заң бұзушылықтардың орын алғанын атап өтті. Сондай-ақ, жедел уәкіл  қабылданған шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №240 Қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, «Трамадол», «Этизолам» және «Кетамин» заттары психотроптық заттардың тізіміне енгізілген. Аталған препараттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. 

Тәртіп сақшысы кәсіпкерлік нысандарының иелері мен медицина және фармацевтика саласының өкілдеріне аталған өзгерістерді назарға алып, осы заң талаптарын ұстану қажеттілігі қаншалықты маңызды екендігін жеткізді.