Қазақстандық оқушыларға биыл үй тапсырмасы берілмейді

Қысқаша

Білім министрлігі қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасы берілмейтіні туралы мәлім етті

Білім министрлігі қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасы берілмейтіні туралы мәлім етті

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова мұғалімдер үй жұмысын бермейтіні туралы, тек қана жалпылама тапсырмалар болатынын айтты. 

"Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Биыл үй тапсырмасы ұғымы болмайды. Егер мектеп Kundelik.kz платформасын қолданатын болса, сол жерге тек қана бір тапсырма жүктелетін болады", - деп түсіндірді Мелдебекова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық мектептерде 25 тамыздан бастап бірыңғай қашықтан оқыту басталады. 

Қазақстанда балалар мектепке барғанда қолғап тағуға міндеттелмейді. Бірақ бетперде тағу және санитарлық талаптарды сақтау маңызды. Балалардың біреуінен Covid-19 анықталған жағдайда сыныпта карантин жарияланады.