Су тасқыны болған аймаққа Шымкенттен су сорғыш техникалар жөнелтілді

Қысқаша

Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге Шымкенттің құтқарушылары көмек көрсетіп жатыр. Енді сол аймаққа қосымша су сорғыш техникалар жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат​ тілшісі.

Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге Шымкенттің құтқарушылары көмек көрсетіп жатыр. Енді сол аймаққа қосымша су сорғыш техникалар жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200506081920179e.jpg

Көмекке жіберілген техникалардың ішінде АСО 20, АЦ – 2, УАЗ маркалы 4 техника, МП-100 маркалы 6 мотосорғы бар. Су басқан аймаққа көмек қолын созу үшін 40 адамнан құралған жеке құрам мен 8 техника, дрон мен моторлы және үрлеме қайықтар жеткізілді. Соңғы төрт күн ішінде құтқарушылар аудандағы су басқан елдімекендерде 70 адамды, олардың мүліктерін қауіпсіз жерге эвакуациялады. Суда қалған малды басқа ауылдарға айдады. Тасқын су жайылған аумақта инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 30 арнайы техника жіберілген. 

Айта кетейік, Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай қалыптасқан аймаққа су сорғыш техникалары аса қажеттігін айтқан болатын.