Атыраудағы 4-адамның вирусты қалай жұқтырғаны айтылды

Қысқаша

Ыстамбұл-Атырау рейісінің жолаушысынан короновирусқа тапсырған тест оның вирусты жұқтырғанын анықтады

Ыстамбұл-Атырау рейісінің жолаушысынан короновирусқа тапсырған тест оның вирусты жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz сайты

photo_65301.jpeg

Бүгін, 28 наурызда індетті жұқтырған төртінші адам Ыстамбұлдан келген рейс жолаушысынан анықталды. Короновирус жұқтырған 31 жастағы әйелді бірден оқшаулап, екінші Облыстық ауруханаға жатқызды. рнайы рейстің қалған 62 жолаушысы және экипаж мүшелері 14 күнге карантинге жатқызылды. Олардың барлығына тест жасалып, коронавирус жұқтырмағаны анықталды - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміз бойынша сырқаттар саны 191-ге жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 107 адам, Алматы қаласында – 57 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 2 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам тіркелді.