Безендіріп шыршаны...

Қысқаша

Шыршаны безендіру салты XVІІ ғасырда басталған.

nastol.com.ua-73344.jpg

Шыршаны безендіру салты XVІІ ғасырда басталған. Тарихшылардың айтуынша, ең алғаш рет шырша сол кезде Германияның бір бөлігі болған Эльзаста безендіріліпті. Түрлі-түсті қағаздан жасалған раушан гүлдер, алма, қант бөліктері мен жылтыр қағаздар шыршаны әсемдеу құралы болған.

 

Бүгінде жаңа жылдық шыршаның шыны ойыншықтары әрқайсымызға жақсы таныс. Әлемдегі ең алғашқы шыны ойыншық XVІ ғасырда Саксонияда жасалыпты. Ал дәл осы ойыншықты жаппай өндіру ХІХ ғасырда ғана қарқын ала бастаған. Түрлі-түсті кішкентай шамдардан тұратын электрлі гирляндімен ең алғаш рет 1895 жылы АҚШ-тағы Ақ үй жанындағы шырша безендірілген.